Баланы қырқынан шығару » КГУ «Школа-гимназия № 113» Управления образования города Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 302-84-66
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 302-84-64
Версия
для слабовидящих
19
март
2024

Баланы қырқынан шығару

Баланы қырқынан шығару - тіршілік цикліне қатысты атқарылатын рәсімнің бірі. Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен қырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік «өтпелі кезеңді» қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. Бала қырқынан шыққанша «сүт тырнағын», «қарын шашын» алмайды. Қырық күннен аман өткен нәрестені «қарақұлақтанды» деп қуанып, «қырқынан шығару» тойын жасайды. Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік, күміс сөлкебай сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құяды. Қазақ ұғымында күміс - адалдықтың белгісі, күміс салынған су — ең таза су боп есептелінеді және оған жын-шайтан жоламайды.








Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: